Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен

Слайд 2

Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен,

Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде
басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен

істес болып, өзара тығыз қарым – қатынас жасайды.
Шартты және байланысты топтар – әлеуметтік – психологиялық
топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір
тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мәселен жас
ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына, т.б. сәйкес
бөлінуі мүмкін.
Слайд 3

Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат мүдделерінің бірлігіне

Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат мүдделерінің бірлігіне

сәйкес біріккен адамдар тобы. Мысалы, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы,жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы – мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі – ұжым. Ұжымның түпкі мақсаты – адамдардың игілікті мұрат – мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосу.
Слайд 4

Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап

Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап

көрсетіп, оларды мынадай деңгейлерде ұалыптасып отыратындығына мән береді:
А) диффузиялық топты аралас топ деп те атайды, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым – қатынасы топтың негізгі іс – әрекетіне байланыссыз-ақ жүзеге асады.;
Ә) ассоциация – күрделі топ, топтың іс – әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым – қатынас жандана бермек;
Б) корпорация, мұнда жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек;
В) ұжым – топтың ең жоғарғы деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым – қатынас жалпы мақсатты іс – әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық мақсат – мүддесімен ұштасып жатады.