Слайд 16
«Кофе немесе салқын душ айығуға көмектеседі». Ағылшынның мынадай мақалы бар: «салқын
судан мас адам тек ылғал болады, ал кофеден сергек болады, бірақ айықпайды». Шын мәнінде де, мас адам қанының құрамында алкоголь көлемі төмендемейінше айықпайды, ал ол бірнеше сағаттан ерте төмендемейді.
«Маскүнем «шамамен» ішіп үйрене алады». Бұл ең қауіпті, бірақ, өкінішке орай кең таралған адасушылық. Маскүнемдікке бейім келетін адамдар осы алдаушылыққа жаны жақын келеді: арақпен мәңгілікке қоштасқысы келмей, олар «шамамен», «әдепті» ішуді үйренем деп үміттенеді. Мынаны есте сақтаған жөн: спирттік ішімдіктерден толықтай бойын аулақ ұстаса ғана маскүнемдіктен құтылуға болады.
«Ішімдік салқын кезде жылынуға көмектеседі». Шын мәніне келгенде алкоголь дене қызуын төмендетеді. Ішімдікті ішкеннен кейінгі алғашқы сәттерде дене жылынған сияқты болғанмен, шамалыдан кейін-ақ бұл бұрыннан да артық тоңдырады.
«Арақ ішуді кез келген уақытта тастауға болады, тек өзің бұны қаласаң болғаны». Ия, әрине, арақ ішуді қоюға деген ынта – маскүнемдіктен айығудың ең басты шарты. Бірақ, өкінішке орай, тек ынталы болу аз. Маскүнемдіктің ауру екендігін және одан емделу үшін медициналық көмектің керектігін ұмытпаған жөн