Слайд 13
Қазақстанның жер қоры және экологиялық жағдайы
Республиканың 30 млн га жерінің өнеркәсіп,
көлік байланыстары мен елді мекендер алып жатыр. Мысалы, Батыс Қазақстан аймағындағы мұнай-газ өнеркәсібінің дамуы топырақтың техногенді бүлінуіне әкеліп отыр. Орталық Қазақстанда топырақтың техногенді бүлінуі, өнеркәсіп қалдықтарымен ластанудың, ауыр металдардың жинақталуының, т.б. әсерінен Бетпақдала аумағы қоқыстар жинақталған құнарсыз аймаққа айналып отыр. Ал Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты аумақтың көп бөлігі шөлге айналып, топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы өсіп отыр. Топырақтану институтының мәліметі бойынша, Қазақстанның құнарлы топырағының ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Республика жерінде 2,3 млрд тонна химиялық қалдықтар, ал 529 объектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Жалпы республика бойынша топырақтың түрлі заттармен ластану деңгейі Бетпақдала, Балқаш өңірі, Мұғалжар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында өте жоғары