Слайд 18
Жамбас қуысы кең бөлігінің жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан симфиздің ішкі бетінің
ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен.
Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.
Тік өлшемі-сегізкөздің ІІ, ІІІ омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5 см.
Көлденең өлшемі-ұршық ойыстарының арасы, 12,5 см-ге тең.
Жамбас қуысы тар бөлігінің жазықтығы алдынан-симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен-шонданай сүйектерінің қырларымен, ал артынан-сегізкөз-құйымшақ буындасымен шектелген.
Тік өлшемі-сегізкөз –құйымшақ буындасынан симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан 11-11,5 см тең.
Көлденең өлшемі-шонданай сүйектері қырының ара-қашықтығымен өлшенеді, ол 10,5см.
Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан-симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен шонданай төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы, бұл жерде тік және көлденең өлшемдер бар.
Тік өлшемі-құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол 9,5 см тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см жылжиды. Осының нәтижесінде тік өлшем 11,5 см ұлғаяды.
Көлденең өлшемі-шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшейді-11 см.