Үлкен жарылыс моделі
Үлкен жарылыс Жойқын жарылыс (ағылш. Big Bang) — Әлемнің бұдан 13.7 миллиард жыл бұрын жойқын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болғанын және өзгеріп бүгінге жеткенін сипаттайтын ортақ космологиялық модел. Бұл модел қазіргі ғылыми зерттеу мен өлшеулер арқылы белгілі бір деңгейге дейін расталып отыр. Космологтар дәріптейтін бұл теория бойынша, әлем бұрын шекті уақыттың алдында айырықша тығыз, ерекше жоғары темпратураға ие алғашқы күйден өзгеріп келген. 2013 жылғы Планк спутнигі қол жеткізген ең жоғары өлшеулер арқылы аталмыш жойқын жарылыс бұдан 13.798 (± 0.37) миллиард жыл бұрын болған көрінеді. Жойқын жарылыс теориясы моделі Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын негіз етіп, өріс теңдеулері шешімін (мысалы кеңістіктің біркелкілігі мен біртұтастығы) табуды біршама жеңілдетті. 1922 жылы КСРО космологі және математигі Александр Фридман Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын пайдаланып ағынды денелерді зерттеп, осы моделдің өріс теңдеуін ұсынды. 1927 жылы бельгиялық физик, діни қызметкер Жорж Леметр өз еңбегінде кеңейген әлем өз бастауын алғашқы нүктедегі жарылысқа апарып тірейтіні сөзсіз деп есептеп, Жойқын жарылыс моделі мен Тұрақты күй моделін салыстырып, алдыңғысының шындыққа тіпті де жақын екеніне көптеген практикалық дәлелдер келтірді.Оның тұжырымы Фридман теңдеуі мәнімен бірдей болғандықтан, біртұтас Фридман — Леметр — Робертсон — Уокер метрикасы деп аталды. 1929 жылы АҚШ ғалымы Эдвин Хаббл астрономиялық күзетулер мен есептеулер арқылы жер шарынан алыс жұлдыздар мен галактикалар үздіксіз алыстап, қызарып жатқанын байқады және осы негізде Кеңейген әлем түсінігін туғызды. Бұл теория ғалымдар, әсіресе, физиктер арасында кеңінен таралып[ қазіргі әлемнің басталу тарихы бар деп қабылданды. Хабблдың есептеулері арқылы, ең алыс галактикалар мен үйіржұлдыздар біздің бақылауымыз тұрғысынан бізден алыстап бара жатыр, олардың бергісіне қарағанда арғысының алыстау жылдамдығы тіпті де зор екен. Демек бұл барша нәрсе бір-бірінен өзара алыстап, әлем кеңейіп бара жатқанын көрсетеді